Зейнетақы активін инвестициялаудан 939 млрд теңге таза кіріс түсті

636

Елдегі зейнетақы шоттарының саны – 10,9 млн.  

Зейнетақы активін инвестициялаудан 939 млрд теңге таза кіріс түсті

2021 жылғы қаңтар-тамызда зейнетақы активін инвестициялаудан түскен таза кіріс 939 млрд теңгеге өсіп, жалпы 6 трлн 493 млрд теңге болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Ұлттық банкке сілтеме жасап.

2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары биыл 8 айда 32,4 млрд теңгеге немесе 0,25%-ға ұлғайып, 12 трлн 945,8 млрд теңге болды.

"Биыл қаңтар-тамызда зейнетақы активін инвестициялаудан түскен таза кіріс 2021 жылғы 1 қыркүйекте 6 трлн 492,5 млрд теңгеге дейін 938,9 млрд теңгеге ұлғайды", – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ 1 қыркүйекте міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны ескере отырып) 10,9 млн шот болды.

2021 жылғы 8 айда зейнетақы төлемдерінің сомасы 2 трлн теңгеге жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу