Зейнетақы қаржысын жеке компаниялардың басқаруына беру мерзімі белгілі болды

846

Зейнетақы қаржысын жеке компаниялардың басқаруына беру мерзімі белгілі болды

Жеке басқарушы компаниялардың басқаруына зейнетақы активтерін беру бойынша шараларды орындау 2018 жылдың соңында жүзеге асатын болады. Бұл туралы премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың депутаттық сауалға берген жауабында мәлім болды. Онда, үкімет басшысы Ұлттық банктің жеке басқарушы компанияларға зейнетақы активтерін беру туралы ұсынысы қазір Қазақстанның қаржы ұйымдары қауымдастығы алаңында талқыланып жатқанын жеткізді. Сонымен бірге Сағынтаев Ұлттық банк зейнетақы активтері бөлігінде индекстік инвестициялау үшін шетелдік басқарушыларды тарту бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын жеткізді. 
Зейнетақы активтерін сыртқы басқаруға беруді ағымдағы жылдың соңына дейін бастау жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу