Зейнетақы қоры Астанада орналасқан 4 кеңсесін 415 миллион теңгеге сатпақшы

201

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының" Астанада орналасқан 4 кеңсесін сататыны белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz қордың ресми сайтына сілтеме жасап.

Зейнетақы қоры Астанада орналасқан 4 кеңсесін 415 миллион теңгеге сатпақшы Фото: egemen.kz

Жалпы сомасы – 415 млн теңге. Бұл – Қонаев көшесі, 12/1 мекенжайында орналасқан үйдегі бос тұрған кеңселер. Мұнда AMANAT партиясының бас штаб-пәтері де орналасқан. Сайтта әр түрлі аумақты қамтитын кеңселерге барлығы 4 лот жарияланды.

Ауданы 185 шаршы метр болатын кеңсе 113 млн теңгеге бағаланды. Бағаны көтеру аукционы. Ауданы 201 шаршы метр болатын үй-жайға сауда-саттық бағасы 115 млн теңгеден басталады. Ауданы 225 шаршы метр болатын кеңсе – 131 млн теңгеге, 89 шаршы метрлік кеңсе 54 миллионға бағаланған.

Сауда-саттық 31 қаңтарда басталады.

Ақпаратқа сәйкес, кеңселерді сату шаруашылық қызметпен, атап айтқанда мүлікті оңтайландырумен байланысты көрінеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу