Зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысы төмедетілді

1299

Инвестиицяилық сыйақы 7,5%-дан 2%-ға азайды.

Зейнетақы қорының комиссиялық сыйақысы төмедетілді

Ұлттық банк салымшылардың өз зейнетақы жинақтарының бір бөлігін басқаруға аударған жағдайда алынатын комиссиялық төлемдердің мөлшерін нақтылады. Мұндай өзгеріс 2 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң аясында енгізіліп отыр. 

Жаңа нормада бірыңғай жинақтық зейнетақы қоры зейнетақы активтерін комиссиялық сыйақы ғана алатын болады. Бұрын мұндай сыйақы мөлшері 0,025% болса, енді 0,01%-ға төмендеді.  

Ал Ұлттық банктің өзі инвестициялық портфельді басқарушы компнаиядан инвестициялық табыс комиссиясын алады. Мұндай сыйақы мөлшері жыл сайын жаңадан тағайындалып отырмақ.  Бұрын аталмыш комиссяның мөлшері 7,5% болса, енді 2,0%. 

"Бұған дейін зейнетақы шотының инвестициялық табысынан келген комиссиялық сыйақы БЖЗҚ-ға түсетін. Енді тиісті сыйақы инвестициялық портфельді басқарушы компанияға төте аударылады.  Осының арқасында салымшы активті басқарушы компанияның комиссиялық сыйақысын қадағалап, өзіне мейлінше тиімді шарттарды таңдай алады", - деп жазады Ұлттық банктің баспасөз қызметі. 

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу