Зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау да цифрландырылады

1174

2023 жылдан бастап инватакси қызметті әлеуметтік қызметтер порталы арқылы көрсетеді.  

Зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау да цифрландырылады

2020 жылдың қорытындысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтердің 91%-ын цифрландырды, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі.  

"Қызметтерді 91%-ға цифрландырдық, 44 қызметтің 40-ы электрондық, оның 18-і проактивті түрде ұсынылады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша 12,4 млн қызмет көрсетілді, оның 7,8 млн-ы электрондық қызметке жатады. 2021 жылы зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау да цифрландырылатын болады", – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов.

Сонымен қатар, ол әлеуметтік қызметтер порталын дамыту жұмыстары жалғасатынын атап өтті. 

"Осылайша көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік туады. Порталда техникалық құралдар мен қызметтердің тізімі біртіндеп кеңейіп келеді, тауарлар мен арнайы әлеуметтік қызметтерді жеткізушілер саны өсуде, 2023 жылдан бастап инватакси қызметі осы ресурсқа көшеді. Сонымен қатар, біз Цифрлық отбасы картасын құрумен айналысудамыз. Жоба өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларды автоматты түрде анықтауға бағытталған және бұл азаматтарға әртүрлі мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін әлеуметтік қолдаудың белсенді кешенді шараларын ұсынуға мүмкіндік береді. Цифрлық әлеуметтік карта отбасының әл-ауқатының деңгейін болжауға қабілетті", – деді Серік Шәпкенов.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу