Зейнетақы мен жәрдемақы жүйесі цифрландырылады

1501

Онлайн-петициялардың бірыңғай заңды институты құрылады. 

Зейнетақы мен жәрдемақы жүйесі цифрландырылады

Бұл туралы үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты. 

"Цифрлық теңсіздікті жою және интернетке барынша қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылданады. Зейнетақы мен жәрдемақыны тағайындау және төлеу цифрландырылады. Деректер базасының бірыңғай жүйесі құрылады", – деді ұлттық экономика министрі.

Руслан Дәленовтің айтуынша, азаматтардың мемлекеттік басқару мәселелерін шешуге белсенді қатысуын кеңейту мақсатында онлайн-петициялардың бірыңғай заңды институты құрылады. 

"Ауыл әкімдерін тікелей сайлау өткізіледі. Мәслихаттар қызметінің ашықтығы артады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мәртебесі мен өкілеттіктері күшейтіледі", – деді Руслан Дәленов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу