Зейнетақы төлемдерін алуға өтініштер 23 қаңтардан бастап қабылданады

1590

Бұл туралы бағдарлама операторының баспасөз қызметі хабарлады. 

Зейнетақы төлемдерін алуға өтініштер 23 қаңтардан бастап қабылданады

"Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" АҚ уәкілетті оператор ретінде 2021 жылдың 23 қаңтарынан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға өтініш тапсыра алатын арнайы онлайн платформаны іске қосады", – деп жазылған хабарламада. 

Алайда қаржы институты тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін өтініш беретін платформаның атауын хабарлаған жоқ. Кейін inbusiness.kz тілшілерінің сауалына банк сенбі, 23 қаңтар күні өтініш беруге болатын веб-мекенжай жөнінде ақпарат таратылатынын жеткізді.

Біржолғы зейнетақы төлемдерін дербес, я болмаса жұбайы/зайыбы немесе жақын туыстарына беру арқылы пайдалануға болады.

"Біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу ақысын төлеу мақсаттарына қолдануды көздеп отырған БЖЗҚ салымшылары 13 қаңтардан бастап "Отбасы банкінде" онлайн режимде ағымдағы арнайы шот ашып жатыр. Бүгінгі күннің өзінде Банкте 57 000 астам арнайы шот ашылды", –деді банктің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу