Зейнетақы жинағын алу үшін тағы бір банктен арнайы шот ашуға болады

1190

Қазақстандықтар "артық" зейнетақы төлемін аударуға арналған арнайы шотты бұрын Отбасы банкінен ғана аша алатын. Енді бұл операцияларды Halyk Bank та жүргізетін болды. 

Зейнетақы жинағын алу үшін тағы бір банктен арнайы шот ашуға болады

Аталған банктің баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, Halyk Bank тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке алу және  пайдалану жөніндегі уәкілетті операторы болды. Енді зейнетақы жинағын алғысы келген азаматтар онлайн режимінде Halyk Homebank қосымшасында арнайы шот аша алады. Одан кейін ұсынылған өтінімді толтыру керек. 

Halyk Bank БЗТ операторы ретінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында арнайы шоттағы қаржыны мына мақсаттарға жұмсау үшін банктік операцияларды жүргізеді: 
•         бір банктік қарыз шарты аясында тұрғын үйді сатып алуға немесе ипотекаға алу үшін және үйге жөндеу жұмыстарын жүргізуге алғашқы жарнаны салуға;
• бір банктік қарыз шартымен тұрғын үйді сатып алуға немесе оны ипотекаға алуға және тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған берешекті бөлшектеп немесе толық төлеуге;
• ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыруға.

"Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіткеннен кейін және банк БЖЗҚ-мен келісімге қол қойғаннан кейін ғана бірыңғай зейнетақы төлемін алуға Halyk Homebank қосымшасында онлайн өтінім беруге болатынын ескертеміз", – дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Halyk Homebank қосымшасында біржолғы зейнетақы төлемдеріне арналған шотты қалай ашуға болатыны туралы қосымша ақпаратты мына сілтемеден қарауға болады.

Қымбат Нұрғали

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу