Зейнетақы жинағынан үш жарым триллион теңгедей қаражат алынды

794

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері наурызда 13 трлн теңге болды.  

Зейнетақы жинағынан үш жарым триллион теңгедей қаражат алынды

"Жыл басынан бері инвестициялық кіріс шамамен 304,9 млрд теңге, зейнетақы жарналары – 383,7 млрд теңге, зейнетақы төлемдері – 64,5 млрд теңге болды", дейді Ұлттық банк төрағасы Ғалымдан Пірматов бүгінгі Үкімет отырысында. 

Оның айтуына қарағанда, 2021 жылғы ақпаннан бастап зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу бойынша орындалған өтініштер саны – 1,7 млн, ал алынған сома – 3,4 трлн теңге. Оның ішінде тұрғын үй мәселелерін шешуге 3,1 трлн теңге (91,2%) тиесілі.  

"Жалпы зейнетақы активтерінің кірістілігі 10,4% болды", дейді Пірматов.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу