Зейнетақы жинақтары 1 трлн теңгеге өсті

387

Жыл басынан бергі өсім  6,9%.

Зейнетақы жинақтары 1 трлн теңгеге өсті Фото: Ашық дереккөзден

Биылғы жылдың алғашқы 4 айында қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 1 трлн теңгеге толықты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жыл басынан бергі өсім  6,9%. Өсімнің нәтижесінде салымшылардың жинақ қоры 15,68 трлн теңгеге жеткен. Бұл 1 жыл бұрынғы жинақ көлемінен 2,74 трлн теңгеге артық. Ақпаратты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жариялады. Өсім жарналар мен инвестициялық табыстың есебінен жүзеге асқан. Мәселен 4 айдағы зейнетақы жарналары  663 млрд теңге. Ал инвестициялық кіріс 469 млрд теңгеден асқан. КСМ: Осылайша 2014-ші жылдан бастап Ұлттық банк қамтамасыз еткен таза инвестициялық табыс 7,4 трлн теңгеге жетіп отыр. Соңғы 12 айдағы кірістілік  8,93%. Сарапшылар болса "бұл аса көңіл көншітерлік көрсеткіш емес", - деп отыр.+СНХ

"9 пайыздық инвестициялық кіріс деген былай қарасақ көзге тәуір сияқты көрінеді. Біз көбіне инфляциямен салыстырамыз ғой. Өткен жылдағы инфляцияны қарасақ 20 пайыздан асты. Әрине әр жыл сайын инвестициялық кіріс инфляцияның үстінде болып тұрса онда көңіліміз тоқ болушы еді. Ал қазіргі жағдайды керісінше инфляция жеп жатқандай болып көрінеді", - деді экономист Мақсат Халық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу