Зейнетақы жинақтарын ерте алу қиындай түспек – Тимур Сүлейменов

782

Ұлттық банк шекті межені тағы көтермек.  

Зейнетақы жинақтарын ерте алу қиындай түспек – Тимур Сүлейменов Фото: gov.kz

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу қиындауы мүмкін. Ұлттық банк жеткілікті шекті мөлшерді көтеруді жоспарлап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ұлттық банк өкілдері мұндай шешімді келешекте зейнетақы мөлшері төмендеп кетпеуі үшін қажет деп түсіндіреді.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, 2025 жылы зейнетақы активтері 12%-ға өсіп, 25,1 триллион теңгеге жеткен. Ал, инвестициялық табыс 1,8 триллион теңгені құрады. 

"Биыл Ұлттық қор тәжірибесіне ұқсас түрде ұзақмерзімді табыстылықты арттыру үшін акциялар мен баламалы құралдар сияқты жоғары табысты активтер класының үлесін көбейтуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар болашақта зейнетақы төлемдерінің лайықты деңгейін қамтамасыз ету үшін табысты алмастыру коэффициентін арттыру қажет. Бұл зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу шегін қатаңдатуды талап етеді", – деді Тимур Сүлейменов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу