Зейнетақы жинақтарына сатып алынған баспананы сатуға шектеу қойылмайды

123

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын бұрынғыдай тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалана алады.

Зейнетақы жинақтарына сатып алынған баспананы сатуға шектеу қойылмайды Фото: info.homsters.kz

"Отбасы банк" мәліметінше, зейнетақы төлемдерімен алынған пәтерлердің кейбірі қысқа уақыт ішінде бірнеше рет қайта сатылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әр сатып алушы тұрғын үйді алу үшін өзінің зейнетақы жинағын пайдаланған. Бұл жағдай нарықтағы баға мен қаражаттың мақсатсыз жұмсалу қаупін арттырған.

Осыған байланысты банк зейнетақы қаражатына алынған баспананы тек бес жылдан кейін сату жөнінде шектеу енгізуді ұсынған. Алайда бұл ұсыныс қолдау таппады.

Себебі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай мүлік шектеу қойылатын санатқа кірмейді, сондықтан азаматтар өз баспанасын қалаған уақытта сата алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу