Зейнетақыны басқаратын жеке компаниялардың табысы көп

157

Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қоры мәліметінше, 1 сәуірдегі жағдай бойынша ҚРҰБ мен Инвестициялық портфелді басқарушылардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 22 723,37 млрд теңге.    

Зейнетақыны басқаратын жеке компаниялардың табысы көп Фото: egemen.kz

Соның ішінде ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 22 333,29 млрд теңге, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты БЖЗҚ сайтына сілтеме жасап. 

2025 жылғы 1 сәуірге МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 41,59%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,88%, ҚРҰБ депозиттері – 3,86%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 3,16%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,51%, МҚҰ – 1,38%.

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 59,94%, АҚШ долларымен – 40,05%, басқа валютада – зейнетақы активтері портфелінің 0,01%.

Табыстылықтың қысқа мерзімді ауытқуларына қарамастан, 2024 жылғы сәуірден 2025 жылғы наурызға дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 2,37 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 11,99%, инфляция мөлшері – 10,00%. 

Инвестициялық портфельді басқарушылар

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 62,78 млрд теңгеден асады.

01.04.2025ж. жағдай бойынша Jusan Invest АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 11,40 млрд теңге.

2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 14,21% болды.

01.04.2025ж. жағдай бойынша Halyk Global Markets АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 5,30 млрд теңге болды.

2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,55% болды.

01.04.2025ж. жағдай бойынша BCC Invest АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – шамамен 5,94 млрд теңге.

2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 16,64% болды.

01.04.2025ж. жағдай бойынша Сентрас Секьюритиз АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 2,19 млрд теңге.

2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,85% болды.

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ Halyk Finance АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 37,95 млрд теңге болды.

2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 14,88% болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу