"Зейнетақының "артығын" бұрынғы шекті мөлшермен алудың мерзімі созылмайды"

1305

1 сәуірден бастап зейнетақының шекті мөлшері өседі. Бұған дейін ұзартылған жеңілдік уақыты енді созылмайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов сенат кулуарында журналистерге айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Зейнетақының "артығын" бұрынғы шекті мөлшермен алудың мерзімі созылмайды"

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан барлық ақшаны шешіп алуға болмайды. Ертең адамдар аз зейнетақы алып қалады, бұл дұрыс па? Біз болашақ зейнеткерлердің құқығын қорғаймыз, лайықты ақы алуы керек", – дейді Шәпкенов.

Журналистердің сөзіне қарағанда, "Отбасы банк" мерзімді 29 сәуірге дейін созбақ.

"Отбасы банк" неге созғалы отырғанын білмедім. Анықтап көрейін", – деген ол 1 сәуірден бастап шекті мөлшер өсетініне сендірді.

Сондай-ақ кеше "Аманат" партиясы бұрынғы шекті мөлшерді жыл соңына дейін қалдыруды ұсынған. Министр олардың ұсынысы "қаралып", ведомстваның позициясы "түсіндіріледі" дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу