Зейнеткердің үйінен ұрланған 500 мың теңгелік алтын білезік елорданың ломбардынан табылды

273

Ұрланған бұйым иесіне қайтарылды.

Зейнеткердің үйінен ұрланған 500 мың теңгелік алтын білезік елорданың ломбардынан табылды Фото: sarinform.ru

Ақмола облысының Аршалы ауданында 79 жастағы тұрғынның үйінен ұрланған алтын білезік елорданың ломбардтарының бірінен табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Зергерлік бұйымның құны 500 мың теңге деп бағаланған.

Оқиға 2 қазанда Жібек Жолы ауылында болған. Үй иесі аз уақытқа сыртқа шығып кеткенде, белгісіз адам пәтерге кіріп, алтын білезікті алып кеткен. Зейнеткер зергерлік бұйымның жоғалғанын екі күннен кейін байқап, туыстарына хабарлаған. Кейін ақпарат полицияға жеткен.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп, күдікті мінген көлікті анықтады. Оның қозғалыс бағытын бақылау арқылы ұрланған білезік тапсырылған елордалық ломбардты тапты. Осыдан кейін зергерлік бұйымды өткізген адамның жеке басы анықталды.

Ұрланған білезік заңды иесіне қайтарылды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Полиция күдіктінің Ақмола облысы мен Астанадағы басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу