Зейнеткерлер де Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бағдарламасына қатыса алады

1424

Өзімен бірге екі қосалқы несие алушыны ерте келуі керек. 

Зейнеткерлер де Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бағдарламасына қатыса алады

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ орталық филиалының басшысы Жансұлтан Матаев жаңа ережелерге сәйкес, баспана алу үшін кезекте тұрған жұмыс істейтін зейнеткерлер де жеңілдетілген несиеге өтініш бере алатынын мәлім етті.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, тіпті кеңес заманында үй алуға кезекке тұрғандардың көпшілігі қазір зейнет жасында екенін ескере отырып, банк басшылығы бүгігі күні зейнеткерлердің де тұрғын үй бағдарламаларына қатысуына рұқсат берген.

"Тұрғын үй кезегінде тұрғандардың көпшілігі зейнеткер. Сол себепті зейнеткерлерлер өзімен бірге жұмыс істейтін екі жас қосалқы несие алушыны ертіп келген жағдайда банк басшылығы зейнет жасындағылардың қатысуына рұқсат беріп отыр. Бұл шешім қабылданды. Азамат қазір жұмыс істейтін болса, жас мөлшеріне қарамастан бағдарламаға қатыса алады. Бұл бағдарлама жұмыстан немесе кәсіпкерліктен табыс табатын, кезекте тұрған адамдарға арналған. Олар жалақы алатынын ресми түрде дәлелдеуі тиіс. Ал зейнетақы негізгі табыс көзі ретінде қарастырылмайды. Сол себепті зейнеткер өзімен бірге екі қосалқы несие алушыны әкелуі керек", – деп түсіндірді банк өкілі.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу