Зеленский Берлиндегі келіссөздерге қатысты пікір білдірді

114

Бұған дейін Трамп Украинадағы мәселеге қатысты жақсы хабар жеткізді.

Зеленский Берлиндегі келіссөздерге қатысты пікір білдірді Фото: Kirsty Wigglesworth / Getty Images

Украина президенті Владимир Зеленский Берлиндегі келіссөздер барысында аумақтық мәселелер бойынша АҚШ-пен ортақ ымыраға келу әзірге мүмкін еместігін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты EADaily-ге сілтеме жасап.

14 желтоқсанда Берлинде Украинадағы қақтығысты реттеуге қатысты кезекті келіссөздер өтті. Тараптар 20 тармақтан тұратын бейбіт жоспар талқылады. Кездесуге АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф, Трамптың күйеу баласы әрі кәсіпкер Джаред Кушнер және Украина президенті Владимир Зеленский қатысты. Келіссөздер бес сағатқа созылды. Кейін Уиткофф белгілі бір прогреске қол жеткізілгенін айтты. Дүйсенбі күні Берлинде келіссөздердің екінші кезеңі өтті.

"Біздің өкілдер америкалық әріптестерімен диалогты әлі де жалғастырып жатыр. Украин делегациясы нәтижеге қол жеткізу үшін тәулік бойы жұмыс істеуде. Сұрақтар оңай емес. Оның ішінде аумақтарға қатысты мәселе күрделі. Бүгінде ұстанымдарымыз әртүрлі сияқты", – деді Владимир Зеленский баспасөз конференциясында.

Бұған дейін Politico басылымы француз шенеунігіне сілтеме жасап, Украинаның Донбасста демилитаризацияланған еркін экономикалық аймақтя құру туралы ұсыныстан бас тартқанын хабарлаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу