Украина Ресейге көмектесіп жатқан тұлғаларға қарсы санкция дайындап жатыр

192

Киевтің бұл шарасы Мәскеуге халықаралық санкцияларды айналып өтуге көмектесіп жатқан құрылымдар мен делдалдарға қарсы санкциялық пакеттерден тұрмақ, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Украина Ресейге көмектесіп жатқан тұлғаларға қарсы санкция дайындап жатыр Фото: rbc.ru

РБК-Украина басылымының жазуынша, Украина басшысы Владимир Зеленский ақпаратты видеоүндеу арқылы хабарлаған.

"Біз бұл туралы серіктестермен сөйлестік. Серіктестеріміздің бізді тыңдағанын білеміз. Іс-әрекеттерге жақындап келеміз. Біз өз санкциялық пакеттерімізді дайындап жатырмыз, әсіресе үшінші елдердегі Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектесіп жатқан субъектілер мен схемаларға қарсы", – деді ол.

Сонымен қатар, Зеленский Украина қорғанысын нығайта беретінін және Киев жақын арада серіктестерден елеулі әскери көмек пен болашақ ынтымақтастық жөнінде шешімдер күтетінін айтты.

"Соғыс кезінде де, соғыстан кейін де негізгі елдермен ынтымақтастық жалғасады", – деп түсіндірді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу