Зеленский бүгін Түркияға барады

673

Екі елдің президенттері Ыстанбұлда кездеседі деп күтілуде.

Зеленский бүгін Түркияға барады Фото: Daily mail

Украина президенті Владимир Зеленский Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен бүгін Ыстанбұлға барады, деп хабарлайды Inbusiness.kz тілшісі Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. 

Анадолы агенттігі жариялаған ақпаратқа сүйенсек, бүгін Украина басшысы Зеленский Түркияға жұмыс сапарымен келеді. 

Сапар аясында президент Ердоған мен Зеленский жеке және делегациялар арасында кездесулер өткізеді.
Кездесу барысында Ресей-Украина соғысына қатысты соңғы өзгерістер, 17 шілдеде аяқталатын астық дәлізі келісімі және екі ел арасындағы қарым-қатынастар талқыланады деп күтілуде.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу