Зеленский: "Қазір сайлау өткізетін кез емес"

674

Оның сөзінше, қазір елге бірлік керек.

Зеленский: "Қазір сайлау өткізетін кез емес" Фото: Reuters

Украина президенті Владимир Зеленский күнделікті кешкі үндеуінде "қазіргі соғыс жағдайында сайлау туралы қоғамдық пікір қоздату - мүлде жауапсыздықтың белгісі" деді.

Оның сөзінше, қазір елге бірлік керек.

"Қазір сайлаудың уақыты емес деп есептеймін, егер осы немесе басқа саяси дауға нүкте қойып, бірлікте жұмыс істеуді жалғастыру қажет болса, онда мемлекеттің оған нүкте қоюға және қоғамға барлық мүмкіндіктерді беруге қабілетті құрылымдары бар. Қақтығыстарға және басқа біреудің Украинаға қарсы ойынына алданып қалмау үшін қажетті жауаптар берілді", деп қосты Украина басшысы.

Айта кетейік, Украина мен батыс баспасөзінде 2024 жылы Украинада президент және парламент сайлауы өте ме деген мәселе жиі сөз бола бастаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу