Зеленский Путинге арнап ашық хат жариялады

480

Украина басшысы Ресеймен келіссөздер басталар алдында атысты толық тоқтатуды және әскери тұтқындарды "бәрін бәріне" қағидаты бойынша алмастыруды ұсынды.  

Зеленский Путинге арнап ашық хат жариялады Фото: BBC

Зеленскийдің айтуынша, кездесу Түркияда, Швейцарияда немесе араб елдерінің бірінде өтуі мүмкін. Ол Ресей мен Украина арасындағы қазіргі қарым-қатынасты ескере отырып, "өзінің Мәскеуде де, Путиннің Киевте де шаруасы жоқ" екенін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Сондай-ақ Зеленский АҚШ-ты негізгі келіссөз алаңы ретінде қарастырмайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, соғыс Еуропада жүріп жатқандықтан, келіссөздерге еуропалық мемлекеттер қатысуы тиіс. Дегенмен Вашингтонның қатысуын да толық жоққа шығармады.

Хатта Зеленский Ресейде революция болуы мүмкін екенін де меңзеп өтті. Сонымен қатар ол Ресей армиясының шығыны Украинадан көп екенін айтып, Венгрияның бұрынғы премьер-министрі Виктор Орбанды "Украинаға қарсы шыққандардың соңы немен аяқталатынының мысалы" ретінде келтірді.

Бұдан бөлек, Зеленский қазіргі таңда АҚШ-тың назары Таяу Шығыстағы оқиғаларға ауып кетіп, Вашингтон Украина мәселесіне бұрынғыдай терең араласа алмай отырғанын айтты.

Осыған дейін АҚШ тарапынан Украинаға берілетін әскери көмектің кешігуіне байланысты сенаторлар сын айтқанын жаздық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу