Зеленский: "Путинмен тікелей келіссөз жүргізуге дайынмын"

320

Бұл туралы "Украинская правда" басылымы жазды.  

Зеленский: "Путинмен тікелей келіссөз жүргізуге дайынмын" Фото: latimes.com

Украина президенті Владимир Зеленский соғысты аяқтау үшін Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен тікелей келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

В.Зеленский бұл туралы 3 маусымда НАТО-ның Бас хатшысы Марк Рюттемен бірге өткен баспасөз мәслихатында айтты.

"Біз келіссөз жүргізушілерімізге қатысты америкалық тараппен тұрақты байланыстамыз. Келіссөздер тобының келуін күтіп отырмыз, бірақ менің ойымша, бұл тым ұзаққа созылып жатыр. Өкінішке қарай, қазір АҚШ үшін Украина басты назарда емес – олар үшін Иран мәселесі бірінші орында тұр. Өкінішке қарай, біз осы соғыстардың кезегінде қалып отырмыз", – деді Украина президенті.

Ол қақтығысты реттеуде АҚШ маңызды рөл атқара алатынын атап өтті. Зеленскийдің айтуынша, Киев келіссөздер үдерісіне АҚШ пен Еуропаның қатысуын қолдайды.

"Біз кез келген форматты қолдаймыз. Мен бұл соғысты аяқтау үшін Путинмен тікелей келіссөз жүргізуге дайынмын. Әлемдегі барлық қақтығыстар аяқталып, бізге кезек келгенше күтудің қажеті жоқ", – деп түсіндірді Зеленский.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу