– Украина сөзсіз атысты тоқтатуға дайын. Бүгін Зеленский осы сөзін тағы қайталады. Ол осы жоспарды жүзеге асыру үшін америкалықтармен және еуропалықтармен бірге жұмыс істегісі келеді, – деп жазды Макрон кездесуден соң.
Сонымен қатар, Владимир Зеленский Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйенмен кездесті. Әңгіме жарты сағатқа жуық уақытқа созылған.
Урсула фон дер Ляйен кездесуден соң, Еуропа Украинаны бейбітшілікке ұмтылыс жолында әрдайым қолдайтынын жазды.
Владимир Зеленский Италия Премьер-Министрі Джорджа Малонимен де кездесіп, өз кезегінде ол атысты сөзсіз тоқтатуға шақырған.