Зеленский Трампқа Украинаның қауіпсіздік кепілдігін 50 жылға дейін ұзартуды ұсынып отыр

161

Бұл туралы The Insider басылымы хабарлады.  

Зеленский Трампқа Украинаның қауіпсіздік кепілдігін 50 жылға дейін ұзартуды ұсынып отыр Фото: "Анадолы" агенттігі

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен өткен келіссөздер барысында Украинаға берілетін америкалық қауіпсіздік кепілдіктерін 30-50 жылға дейін ұзарту мүмкіндігін қарастыруды ұсынғанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Зеленскийдің айтуынша, қазіргі келісімдерде қауіпсіздік кепілдіктері 15 жылға есептелген және ұзарту мүмкіндігі бар. Алайда украин тарапы қақтығыстың ұзаққа созылғанын ескере отырып, мұндай мерзім жеткіліксіз деп есептейді.

Украина Президенті бұл пікірін журналистердің сұрақтарына берген дауыс хабарламаларында айтқан.

"Соғыс бізде шамамен 15 жылға жуық уақыттан бері жалғасып келеді. Сондықтан қауіпсіздік кепілдіктерінің әлдеқайда ұзақ болғанын қалаймыз. Мен 30-40-50 жылдық нұсқаны ұсындым. Бұл тарихи шешім болар еді", – деді Зеленский.

Оның сөзінше, Трамп бұл бастаманы ой елегінен өткізуге уәде берген.

Сонымен қатар Украина басшысы Трамптың Ресей президенті Владимир Путинмен 20 тармақтан тұратын бейбіт жоспарды егжей-тегжейлі талқылағанын айтты.

Зеленскийдің пікірінше, Мәскеу белгілі бір қадамдарға дайын екенін мәлімдегенімен, Киев бұл уәделерге сақтықпен қарайды және нақты әрекеттермен бекітілуін талап етеді. Зеленский АҚШ-тың Ресей бейбіт келісімнен бас тартып, соғыс қимылдары жалғасқан жағдайда да Украинаға қолдауды жалғастыруға дайын екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу