Зеленскийдің пәтері, шарап зауыттары мен басқа да нысандар Қырымның меншігіне өтті

381

Қырым Мемлекеттік кеңесі бүгін  ұлт меншігіне өтетін аймақтағы украин қалталыларының мүліктер тізімін кеңейтті.

Зеленскийдің пәтері, шарап зауыттары мен басқа да нысандар Қырымның меншігіне өтті Фото: Голос Америки

Бұл туралы республика басшысы Сергей Аксенов өзінің Telegram-арнасында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Мен Владимир Андреевич Константиновқа (Республика Мемлекеттік Кеңесінің спикері) және Парламент депутаттарына украин олигархтарының мүлкін мемлекет меншігіне алуға байланысты үлкен жұмыс атқарғаны үшін алғыс айтқым келеді. Бүгін бізде сессияға ұсынылған мүліктің келесі тізімі бар: ірі шарап зауыттары, банк құрылымдары, нашақор Зеленскийдің пәтері (Украина президенті Владимир Зеленский).

Сонымен қатар, Украинадағы Террористік режимге ықпал ететін барлық басқа мүліктер. Сондықтан, уәде етілгендей, Ресейдің жаулары ресейлік Қырымда мүлдем табыс таба алмайтын болады. Қырымда пайда табам дегендер, ол ойларынан айнығандары дұрыс", - деді Аксенов.

Сондай-ақ, республика басшысы ұлттандыру барысында бірқатар нысандар, соның ішінде Симферопольдегі ғимараттардың бірі аймақтың меншігіне өткенін айтты. Нысан бұрын Қырым татар халқының Мәжілісіне тиесілі болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу