Зерендіде жасөспірім бензинге уланып қайтыс болды

403

Оқушының денесін әкесі мен ағасы жазғы сарайдан тауып алған.    

Зерендіде жасөспірім бензинге уланып қайтыс болды Фото: autotheme.info

Ақмола облысының Зеренді ауданындағы Қызылсай ауылында 13 жастағы бала кенеттен көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, бала бензиннен уланған болуы мүмкін.

Нақты диагноз сот-медициналық сараптамасы әзір болған соң қойылады.

"2 шілдеде Зеренді ауданында болған кәмелетке толмаған баланың қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды", – деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу