Зертханалық қызметтер мен жеке қорғаныс құралдарының бағасы төмендеді

460

Медициналық маскалардың бағасын өндірушілер орта есеппен 21 теңге/данаға дейін төмендетті.

Зертханалық қызметтер мен жеке қорғаныс құралдарының бағасы төмендеді

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бағалардың барабарлығына талдау және зертханалық қызметтер мен жеке қорғаныс құралдарының бағалық саясатына мониторинг жүргізген.

Нәтижесінде ПТР-тест бағасы 36 нарық субъектісімен ашық сауда-өткізу саясатын көздейтін монополияға қарсы комплаенс жасау арқылы 18 000-нан 9 000-ға дейін төмендетілген ("Олимп "КДЛ" ЖШС және "Инвиво" ЖШС 9 мың теңгеден аспайтын бағаларды белгіледі, "Сұңқар" ЖШС және "Әйгерім" ЖШС жекелеген зертханалары бағаларды тиісінше 6 000 және 7 000 теңгеге дейін төмендетті).

Медициналық маскалардың бағасын өндірушілер орта есеппен 21 теңге/данаға дейін төмендетті, дистрибьюторлар мен бөлшек сауда желілерінің үстеме бағасы өндірушілермен, дистрибьюторлармен және бөлшек сауда желілерімен монополияға қарсы комплаенс әзірлеу арқылы 20 теңгеден 3 теңгеге/дана дейін, орта есеппен 60 теңгеден 26 теңгеге/дана дейін төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу