Ж.Ташенов жолағының А.Бараев көшесімен қиылысында қозғалыс тоқтатылады

637

Ж.Ташенов жолағы бойындағы магистральды коллектор құрылысы қаңтардың соңына дейін жалғасады, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ж.Ташенов жолағының А.Бараев көшесімен қиылысында қозғалыс тоқтатылады

Инженерлік желілердің көп қиылысы анықталуына байланысты Ж.Ташенов жолағының бойында магистральды нөсер кәрізі коллекторының құрылысы 2021 жылдың 31 қаңтарына дейін жалғасады.

Ж.Ташенов жолағының А.Бараев көшесімен қиылысында қозғалыс тоқтатылады. Автокөліктер қозғалысы уақытша схема бойынша жабық аймақтың айналасында тиісті жол белгілерін орнату арқылы ұйымдастырылады.

"Қалада кептеліс болдырмау үшін көлік жүргізушілеріне өз бағдарын алдын-ала жоспарлауға кеңес беріледі. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан немесе аяқталмаған жол учаскелеріне өте мұқият болу және уақытша сызба бойынша белгіленген жол белгілерін басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтау керек", - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Бұл учаскедегі жылдамдық 40 км / сағ-қа дейін шектелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу