Жаңа министр ант берді

169

Ол Көлік министрі Марат Қарабаевтың орнына келді. 

Жаңа министр ант берді Фото: gov.kz

Күні кеше тағайындалған Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев ант берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында, өз Отаным – Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне өзімнің барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі және дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін", – деді Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында.

Айта кету керек, күні кеше Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі болып тағайындалғанын жазғанбыз. Марат Қарабаев Көлік министрі лауазымынан кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу