Жаһандық инфляция қашан төмендейді?

486

Әзірге инфляция пандемияға дейінгі деңгейден әлдеқайда жоғары деңгейде қалады, делінген қаржы институтының Facebook-тегі жазбасында.  

Жаһандық инфляция қашан төмендейді? Фото: inbusiness.kz

Халықаралық валюта қоры хабарлауынша, жаһандық инфляция 2023 жылы 6,6%-ға, 2024 жылы 4,3%-ға дейін төмендейді, деп жазады inbusiness.kz.

"Әлемдік инфляция 2022 жылғы 8,8%-дан 2023 жылы 6,6%-ға және 2024 жылы 4,3%-ға дейін төмендейді, бұл пандемияға дейінгі деңгей шамамен 3,5%-дан әлі де жоғары", – делінген жазбада.

Экономиканың баяу өсуіне жоғары инфляция, әлемдегі шиеленісті жағдай, атап айтқанда, Украина жеріндегі соғыс пен 2022 жылы Қытайдағы коронавирустың өршуі ерекше әсер етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу