Жаһандық ЖІӨ: халықаралық валюта қорының болжамы

1056

Халықаралық валюта қоры әлемдік экономика өсімінің болжамын төмендетті.

Жаһандық ЖІӨ: халықаралық валюта қорының болжамы

Сарапшылардың есебі бойынша, 2020 жылы көрсеткіш 3,3%-ға дейін өсуі мүмкін. Сондай-ақ олар  ЖІӨ-нің динамикасы өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда жақсаруы ықтимал екенін жариялады. 2019 жылы жаһандық өсім 2,9%-ға жеткен болатын. 

АҚШ-та ЖІӨ өсімі 2,3%-дан (2019 жыл) 2%-ға (2020 жыл) төмендейді.Ал еуроаймақта, керісінше, келесі жылы 1,2%-дан 1,3%-ға дейін өседі. 

Қордың бас экономисі Гита Гопинатхтың айтуынша, егер де Қытай мен АҚШ-тың сауда келісімі ұзақ мерзімді болса, 2020 жылдың соңында қос алпауыт арасындағы сауда тартысының жаһандық ЖІӨ-ге кері әсері 0,5%-ды құрауы мүмкін. Бұған дейін мамандар 0,8% болады деп болжаған еді. 

Сонымен қатар қор сарапшылары алдағы жылдары климат өзгерісі жаһандық экономика өсімі үшін негізгі факторлардың бірі болатынын айтып өтті. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу