Атышулы істе жәбір көрушілер анасы мен қызына қатаң жаза қолдануды сұрап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сот процесінде сөз алған Назарбаев мектебі ата аналар комитетінің өкілі Сәуле Қуандықова "бұл іс халықтың қайырымдылық ұйымдарына деген сенімін төмендетті" деп есептейді.
– Мен сотталушыларға қатаң жаза қолдануды сұраймын! Біз қорға берген 901 855 теңге – балалар мен ата-аналардың ақшасы. Бұл тек материалдық залал емес, Қазақстанның халықаралық аренадағы беделіне нұқсан келтірді. Бұл іс еріктілердің жұмысына және қайырымдылық ұйымдарының қызметіне деген сенімді төмендетті, – деді ол.
Ал "Стройконструкция" АҚ-ның заңгері Галина Исаева айыптаушыларды әйгілі алаяқтармен салыстырып көрді.
– Анасы мен қызының әрекетін белдемше киген "Остап Бендер мен алтын қолды Сонька" деген атпен танылған әйгілі алаяқ Софья Блювштейнмен салыстыруға болады. Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваның қылмысы дәлелденіп отыр. Біз 200 миллион теңге өндіріп алуды және ең қатаң жаза тағайындауды сұраймыз, – деп сөзін нақтылады ол.
Тараптардың жарыссөзі ертең, яғни 24 шілдеде жалғасады.
Перизат Қайраттың адвокаты Арман Дәулетияровтың сөзінше, сотта әлі 31 жәбірленуші сөйлеуі керек.
Бұған дейін жәбірленушілердің бірі Перизат Қайраттың анасын үйқамақта қалдыруды сұраған еді.