Жабылған банктерден ақша алу тәртібі жеңілдейді

1069

Зейнетақы қорындағы қаржыны алу мүмкіндігімен қатар, лицензиясынан айырылған банктерден де ақша алудың тәртібі жеңілдеді, деп хабарлайды Atameken Business.    

Жабылған банктерден ақша алу тәртібі жеңілдейді

2 қаңтарда мемлекет басшысы осындай жаңа заңға қол қойды. Құжат мамырдан бастап күшіне енеді. Жаңа ережеге сәйкес, жабылған банктің салымшылары агент-банктің бөлімшесіне бармай-ақ, тікелей депозиттерге кепілдік беру қорына электронды түрде өтініш бере алады. ДепозитОрлар төлем басталған күннен бастап, ақшасын бір жыл ішінде алуы тиіс.

Мұндай мүмкіндікті Tengri банк, Валют-Транзит Банк, Қазинвестбанк, Delta Bank, Qazaq Banki, Эксимбанк және Астана Банкінің салымшылары қолдана алады. Ал тарату процесіндегі банктерге қатысты өтініш 2022 жылдың 1 мамырына дейін қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу