"Жағаға өз күшімен жеткен": Аман қалған сарбаздың анасы ұлының жағдайын айтып берді

452

Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде аман қалған 19 жастағы сарбаздың анасы ұлының жағдайы жақсы екенін айтты. 

"Жағаға өз күшімен жеткен": Аман қалған сарбаздың анасы ұлының жағдайын айтып берді Фото: Ақ жайық

Бұл туралы "Ақ Жайық" басылымы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бекет Мырзағалиев – Атырау облысы Махамбет ауылының тумасы. Ол 2025 жылғы 3 қазанда әскерге шақырылып, №29011 әскери бөлімінде қызмет етіп жүрген. Сарбаздың анасының сөзінше, қайғылы хабарды ести сала отбасы бірден Ақтауға жол тартқан.

"Аллаға шүкір, ұлым аман. Таңертең Ақтауға келіп, өз көзімізбен көрдік. Ол дін аман, өздігінен жүріп-тұрады. Сын сағатта өз күшімен жағаға жеткен. Қалған жағдайлар тексерістен кейін белгілі болады. Балаларымыз әлі жас, бұл оқиға олардың өмір бойы есінде алады", – деді Қарлығаш Мырзғалиева.

Сарбаздың анасы қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты.

"Барлық қаза болған жігіттердің әке-шешелеріне шын жүректен қайғырып көңіл айтамын. Енді ешкім мұндайды бастан кешірмесін", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу