Жағажай волейболынан ел чемпионатының жеңімпаздары анықталды

700

Күміс жүлдені Таңсұлу Қайырбекова мен Айғаным Смағұл иеленсе, қоланы "Каспий-1" командасы еншілеген.  

Жағажай волейболынан ел чемпионатының жеңімпаздары анықталды

Жағажай волейболынан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Әйелдер арасындағы бәсекеге жалпы есебі 11 жұп қатысып, чемпиондық атақты Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова тойлады. Ирина Цимбалованың бұл 12-ші жеңісі.

Күміс жүлдені Таңсұлу Қайырбекова мен Айғаным Смағұл иеленсе, қоланы "Каспий-1" командасы еншілеген. 

Ерлер арасында Алексей Дьяченко мен Алдам Нұрдос тобы жеңіске жетті. Күміс медаль Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату жұбының еншісінде. Қола медальді  Кирилл Гурин мен Абдулмаджиж Мохаммад иеленген.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу