Жағдайы күрт нашарлаған сәби Астанаға ТЖМ тікұшағымен шұғыл жеткізілді

188

Сәбиге шұғыл медициналық көмек қажет болды. 

Жағдайы күрт нашарлаған сәби Астанаға ТЖМ тікұшағымен шұғыл жеткізілді Фото: canva

Шұғыл түрде медициналық көмек қажет болған нәресте ТЖМ тікұшағымен елорда ауруханаларының біріне жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, "Қазавиақұтқару" тікұшағы Астана – Павлодар – Астана бағыты бойынша санитарлық рейсті орындаған.

"Ұшқыштар мен дәрігерлердің үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында бала аман-есен жеткізілді", – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ министрліктің баспасөз қызметі тікұшақтары елді мекендердің бір-бірінен алшақтығы жағдайында шұғыл медициналық көмек көрсетуге әрдайым дайын екенін атап өтті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу