"Жағымсыз әрекетінен кейін жұмысты тоқтаттым": Айсәуле Бақытбек қыз зорлағаны үшін сотталған фотографқа қатысты пікір білдірді

11574

Айсәуле Бақытбек әлеуметтік желідегі парақшасында істі болған фотографпен жұмыс істегенін айтты. 

"Жағымсыз әрекетінен кейін жұмысты тоқтаттым": Айсәуле Бақытбек қыз зорлағаны үшін сотталған фотографқа қатысты пікір білдірді Фото: Коллаж: inbusiness.kz

Танымал блогер Айсауле Бақытбек қыз зорлау фактісімен айыпталып, бес жылға бас бостандығынан айырылған фотограф Азамат Кенжеғұлов туралы пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

БАҚ мәліметінше, сотталушы Азамат Кенжеғұлов қазақстандағы танымал Elle Kazakhstan, Esquire, Harper’s bazaar басылымдарымен жұмыс істеген.

Айсәуле Бақытбек әлеуметтік желідегі парақшасында істі болған фотографпен жұмыс істегенін айтты. 

“Зорлаған адам жазасын алып, отыруы керек. Элинаның командасын жеңісімен құттықтаймын! Азаматпен осы жағдай болмай тұрып жұмыс істеген едім. Соңғы түсірілімнен кейін, әріқарай бірге жұмыс істемеймін деп шештім. Оның жағымсыз әрекеттерін байқадым. Сондықтан да қыздар, өздеріңіздің ішкі дауыстарыңызды тыңдаңыздар! Сезсеңіздер, бірден тоқтатыңыздар! Мына сұмдық оқиғадан кейін, ол адаммен қалай жұмыс істегенмін деп ойлап отырмын. Өздеріңізді қорғаңыздар! Зорлыққа шыдамаңыздар!”, – деп жазды ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу