"Жайлы мектеп": Жамбыл облысында 20 білім ошағы салынады

591

Биыл өңірде 12 нысан қолданысқа беріледі.  

"Жайлы мектеп": Жамбыл облысында 20 білім ошағы салынады Фото: gov.kz

Былтыр өңірде 20 білім нысанының құрылысына 7 млрд теңге бөлініп, 8 мектеп пайдалануға берілген, деп хабарлайды inbusiness.kz Жамбыл облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында облыста 20 мектеп салынады. Оның сегізінің құрылысы биыл басталса, қалғаны келер жылға жоспарланған. Тараз қаласында осы жылы 4 "Жайлы мектептің" құрылысы қолға алынады.

Тараз қаласы Барысхан тұрғын алқабында №62 орта мектептің ашылу рәсімі өтті. 600 орындық жаңа оқу ордасын пайдалануға беру шарасына Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов қатысты.

"Білім беру инфрақұрылымын дамыту біздің алға қойған басты міндеттеріміздің бірі. Бүгінде облыс мектептерінің материалдық-техникалық базасы нығайып, жаңа мектептер соғылып, апатты, үш ауысымды, орын тапшылығы бар мектептердің мәселесі рет-ретімен шешімін тауып келеді. Бұл өз кезегінде білім сапасының айтарлықтай  өсуіне септігін тигізері сөзсіз", – деді облыс әкімі. 

Мектеп 23 оқу бөлмесімен, компьютер, модификациялық, лингафон кабинеттерімен, спорт зал, шеберхана, асханамен қамтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу