"Жайлы мектеп" жобасына қатысушылар саны арту мүмкін

790

Конкурс құжаттамасына өзгеріс енгізілуіне байланысты өтінім қабылдау уақыты 29 наурыз сағат 18:30-ға дейін ұзартылды.  

"Жайлы мектеп" жобасына қатысушылар саны арту мүмкін Фото: gov.kz

Samruk-Kazyna Construction АҚ мектептерді салу және жобалау бойынша сатып алулардың конкурстық құжаттамасына мектепке жанама құрылыс салу бөлігінде өзгерістер енгізуге қатысты "Атамекен" ҰКП мен бизнестің ұсынысын қолдады.

Енді орта білім беретін мектептер, балабақшалар, жоғары оқу орындарымен қатар мектепке жанама құрылыс салу да "әлеуметтік объект" ұғымына жатады, деп жазады inbusiness.kz.

Мектептерге жанама құрылыс салу бойынша жұмыс тәжірибені есепке алу – көп құрылыс компанияға конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді. Бұл шара "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыру кезінде бәсекелестікті дамытуға ықпал етеді.

Еске салсақ, "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы ұлттық жоба Мемлекет басшысының "Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Гүлденген қоғам" жолдауын іске асыру шеңберінде қолға алынып жатыр. "Samruk-Kazyna Construction" АҚ  осы жобаның бірыңғай операторы.

Конкурсқа қатысуға қатысты сұрақтар туындаса, 1432 нөмірі бойынша "Атамекен"ҰКП  байланыс орталығына хабарласып, кеңес алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу