Елімізде үш жыл ішінде 369 мектеп салуға уәде берген "Жайлы мектеп" жобасының жетекшісі Мәулен Зарлықұлы өзінің, әріптестерінің қанша алатынын айтты, деп жазады Inbusiness.kz.
"Менің төрт орынбасарым бар. "Жайлы мектеп" бойынша орынбасарым Амангелді Саттаров. Әрі қарай департамент директоры Ербол Ахметов. Әрі қарай құрылыс бөлімі, жобалау бөлімі. Менің жалақымның мөлшері шегерімсіз 1 млн 800 мың теңгені құрайды. Орынбасарым 1 млн 390 мың теңге, "таза" – 1 млн 200 мың, департамент директоры – 940 мың теңге алады", - деді Мәулен Айманбетов "Samruk-Kazyna Construction" брифингінде.
Жалпы "Жайлы мектеп" жобасын іске асыруға 2,6 трлн теңге бөлінеді.