Осыған байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті жағдайды бақылау мақсатында көшпелі мониторинг өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Департамент басшысы Талғат Башев Мәртөк ауданындағы шекара бекетіне барып, жағдаймен танысты. Мониторингке облыстық әкімдік, көлік прокуратурасы, мемлекеттік кірістер департаменті, ҰҚК Шекара қызметі мен ішкі істер органдарының өкілдері қатысты.
Мониторинг барысында Талғат Башев бұл мәселенің азаматтар мен бизнес өкілдеріне, соның ішінде шетел азаматтарына да тікелей әсер етіп отырғанын атап өтті. Осыған орай, ол бірнеше нақты ұсыныс білдірді:
-
Біріншіден, жол жөндеу жұмыстары аяқталып, инфрақұрылым жаңартылғанға дейін электронды кезек жүйесін уақытша тоқтату мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Оның орнына брондаудың икемді жүйесін енгізіп, электронды кезек жүйесінің тәртібін жетілдіру қажет.
-
Екіншіден, шекара бекетінің санитарлық жағдайын жақсартып, ақпараттық тақталар мен өзге де қажетті нысандарды орнату ұсынылды.
-
Үшіншіден, құқықтық тәртіпті сақтау үшін облыстық полиция департаментіне қосымша күш тарту қажеттігі айтылды.
Бұл ұсыныстар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі арқылы хабарланды.