Жайық өзені арқылы Қазақстанға 6,43 млрд текше метрден аса су келді

111

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлім етті.

Жайық өзені арқылы Қазақстанға 6,43 млрд текше метрден аса су келді Фото: Су ресурстары жәнне ирригация министрлігі

2025 жылдың алғашқы жарты жылында Жайық өзені арқылы Қазақстанға 6,43 млрд текше метрден астам су келгені анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жайық трансшекаралық өзенінің су ағысының 80%-ға жуығы Ресей Федерациясы аумағында қалыптасады. Елімізде бұл өзен Атырау облысы арқылы Каспий теңізіне құяды. 

"Өзен суының бөлінуі 1996 жылғы 20 маусымда бекітілген Жайық өзені бассейнінде трансшекаралық су нысандарын бірлесіп пайдалану және қорғау, су шаруашылығы қызметін үйлестіру туралы Хаттамаға сәйкес реттеледі. Құжатта Ресей тарапынан Қазақстанға жіберілетін су көлемі ай сайын нақтыланған", – деді Су ресурстары және ирригация министрлігі Қытай және Ресеймен су саласындағы ынтымақтастығы басқармасы басшысы Нағима Әжіғұлова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу