Жайық өзенінің деңгейі Тайпақ ауылында 25 сантиметрге көтерілді

199

Батыс Қазақстан облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы тұсында бір тәулікте 25 сантиметрге көтерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жайық өзенінің деңгейі Тайпақ ауылында 25 сантиметрге көтерілді Фото: Ғайсағали Сейтақ

"Қазгидромет" РМК БҚО филиалынан мәлім еткеніндей, 28 сәуір күні таңғы сағат 08.00-де Тайпақ гидробекетінде су деңгейі 606 сантиметрге (қауіпті шегі – 850 см) жетті.

Жайықтағы су деңгейі Январцев гидробекетінде бір тәулікте 10 (854 см, қауіпті шегі – 1 250 см), Оралда 5 (846 см, 850 см), Көшімде 3 (849 см, 850 см) сантиметрге түсті.

Сондай-ақ Көшім каналында бірден 40 (780 см, 800 см), Елек өзені Шыңғырлауда 22 (683 см, 750 см) сантиметрге төмендеді.

Шаған өзені Чувашин тұсында 725 сантиметрді (-4, қауіпті шегі – 1 300 см) көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу