Жайық өзенінің Каспий теңізіне құяр сағасын тереңдету басталды

195

Атырау облыстық құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайыновтың айтуынша, өзен сағасын тереңдету жеделдетілген тәртіппен жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жайық өзенінің Каспий теңізіне құяр сағасын тереңдету басталды Фото: Атырау облысының жедел штабы

"Мақсатымыз – Жайық өзенінің суын Каспий теңізіне құйылу ағысын арттыру. Қазір өзеннің теңізге құяр сағасы өте терең емес. Қазіргі тереңдігі небәрі – 40-50 см, ені – 20 метр. Тереңдету жұмысы аяқтағаннан кейін өзен сағасының тереңдігі 2 метрге дейін жетеді. Бұл өзенге келетін мол судың Каспийге құйылу ағысын арттырады", - деді Нұрберген Құсайынов.

Оның айтуына қарағанда, өзен сағасын тазарту, тереңдету кеңейту үшін екі экскаватор қолданылады. Сондай-ақ, алдағы уақытта осындай жұмыстарды атқаруға тиімділігі жоғары "Амфибия" экскаваторы жұмысқа тартылады.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Серік Шәпкенов Жайық өзенінің суы Атырау қаласына қай тұстан кіруі мүмкін екенін айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу