Жайыққа төгілген суға байланысты қорытынды шықты

819

Ол "ластанудың шекті мөлшерден" аспағанын көрсеткен.

Жайыққа төгілген суға байланысты қорытынды шықты

Атырау облысында 29 қаңтар күні тараған бейнежазбаға байланысты су сынамаларының қорытындысы шықты. Әлеуметтік желіге жүктелген жазбада жеке тұрғын үйдердің кәріз жүйелерінен шыққан судың Жайық өзеніне құйылып жатқаны көрсетілген болатын, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Осыған орай, облыстық экология департаменттінің зертханалық-таламалы бақылау бөлімінің мамандары өзен бойынан су сынамаларын алған еді.

"Өзен суынан сынама pH, нитрат, нитрит, жалпы темір, мұнай өнімдері,  хлоридтер, өлшенді заттар, құрғақ қалдықтар ингредиенттері бойынша жүргізілді.  Нәтижесінде,  зиянды заттар  ҚР Ұлттық экономика министрінің   №209 санитарлық қағидасында бекітілген рұқсат етілген шекті шоғырланудан асу жағдайы анықталмады", - деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметінен. 

Аталған мекеме, сондай-ақ, Атырау қаласы әкімдігіне, қалалық полиция басқармасына және уәкілетті органдарға сол маңдағы жеке тұрғын үйлерден шығатын су көзін тексеріп, Жайық өзеніне белгісіз судың ағуын тоқтатып,  кінәлі тұлғаларды заңда көрсетілген жауапкершілікке тартуы үшін хат жолдаған.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу