Жайылымдық жер төрт түлігі жоқ шаруаларға үлестіріліп келген

1177

Жамбыл облысындағы жайылымдық жерлер төрт түлігі жоқ шаруаларға беріліп келген, деп хабарлайды Atameken Business..  

Жайылымдық жер төрт түлігі жоқ шаруаларға үлестіріліп келген

Мұндай қателікке ауыл әкімдері жол берген. Бас-аяғы 157 шаруашылықтың тізімінде қайтыс болған азаматтар да бар. Шұғыл жиын өткізген аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, жерді игерусіз ұстап отырғандардан жайылымды қайтару үшін арнайы комиссия құрылған. Айта кетейін, бүған дейін облыс тұрғындары мал бағатын жердің жетіспейтіндігін айтып шағымданған болатын. Өңірде мал шаруашылығына арналған жер көлемі 34 млн гектардан асады. Алайда оның 673 мыңы босқа жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу