Жақсылық Үшкемпіров туралы көркем фильмнің тұсаукесері өтті

971

Фильмде спортшының балалық шағынан бастап, Олимпиада ойындарында жеткен жетістіктеріне дейінгі өмір жолы бейнеленген.  

Жақсылық Үшкемпіров туралы көркем фильмнің тұсаукесері өтті

Алматыда "Жақсылық" көркем фильмнің тұсаукесері өтті. Фильмді көрермен жылы қабылдады, деп хабарлады "Қазақфильмнің" баспасөз қызметі. 

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ және Mergen studio компаниясы түсірген биографиялық фильм Қазақстанның Еңбек Ері, грек-рим күресінің палуаны, Әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы – Жақсылық Үшкемпіровтің өмірі туралы баяндайды.

"Фильм Оңтүстік Қазақстан ауылдарының бірінде дүниеге келген спортшының балалық шағынан бастап, бүкіл Кеңес одағы қошеметпен қарсы алған палуанның Олимпиада ойындарында жеткен жетістіктеріне дейінгі өмір жолын бейнелейді", – деді фильмнің режиссері Бақыт Қайырбеков.

Дайындық кезеңде ұйымдастырылған кастинг нәтижесінде Жақсылық Үшкемпіровтың жастық шағы мен ер жеткен кезін Эльнар Назарқұл, Санүржан Сүлейменов және театр актері Олжас Сақ сомдады. Ал 60 жастағы спортшының рөліне Қазақстанның халық артисі, Жезқазған театрының актері Досжан Жанботаев шақырылған.

Айта кетсек, спорттық драманың түсірілімдері Өскеменде, Алматыда және Алматы облысында жүргізілді. 1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарының сахналары Талдықорған қаласындағы "Жастар" спорт сарайында, сондай-ақ Минскідегі (Беларусь Республикасы) "Динамо" стадионында түсірілді. Ал спортшыларға арналған Олимпиада ауылын көрсету үшін түсірілімдер Беларусь еліндегі "Стайки" атты Республикалық олимпиадалық даярлау орталығында өткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу