"Жақсылық жаршысының" тағы бір қайырымы

1495

Қызылордаға тағы да 54 оттегі концентраторы келді.

"Жақсылық жаршысының" тағы бір қайырымы

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен Қызылорда облысына "жақсылық жаршысы" акциясы аясында тағы да 54 оттегі концентраторы жеткізілді. Бұл құралдар блогер Дәулет Мукаев пен айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның инстаграм оқырмандары мен "BIGroup" компаниясының қаржысына алынды.

Оттегі концентраторларының 16-сы "DAULETTEN қайырымдылық қорынан", тағы 16-сы "Айдың нұры қоры" арқылы алынса, 22-сі "BIGroup" қаржысына алынды. "Айдың нұры" қоры арқылы келген аппараттардың 10-ы қызылордалық "Қыран" компаниясының тапсырысы. Бұл оттегі концентраторлары Жаңақорған ауданындағы ауруханаларға жіберілді.

Кұрылғылар "Атамекен" ҰКП қолдауымен "PONY_EXPRESS_KZ" логистикалық компаниясы және "Air Astana" әуекомпаниясы арқылы келіп отыр.

Оттегі аппараттарын Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының мамандары, қоғамдық бақылау мүшелері мен жоғарыда аталған азаматтардың өкілдері Байқоңыр қаласы мен жеті ауданның ауруханаларына табыстады.

"Жақсылық жаршысы" акциясы аясында өткен шілде айында Қызылордаға 9 аппарат келген болатын. Ол құрылғылар Қызылорда қаласындағы ауруханаларға таратылды.

"Жақсылық жаршысы" акциясына қатысқысы келетін қайырымды жандар atamekenim.kz сайты арқылы өз үлесін қоса алады.

Ол үшін сайттан "Мен көмектескім келеді" түймесін басып, компьютер немесе смартфон арқылы келесі реквизиттер бойынша банк арқылы қаражат аударуға болады:

010000, Нұр-Сұлтан, Есіл ауданы, Достық көшесі, 5

БСН 180540015308

ИИК KZ076018821000192561

БИК HSBKKZКX

KNP 119 - басқа тегін ақша аударымдары

KBE - 18

Байланыс телефоны: 8 (776) 333 77 66

Нұрбек Дәуренбеков

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу