Жақын аралықта теңге бағамы тұрақты болады – сарапшы

877

Жақын аралықта теңге бағамы тұрақты болады – сарапшы

Жақын аралықта теңгенің әлсіреуі байқалмайды. Бұл туралы Еуразиялық даму банкі интеграциялық зерттеулер орталығының директоры Евгений Винокуров мәлімдеді, деп жазады "Интерфакс-Қазақстан"

"Біз теңгенің әлсіреуін күтіп отырған жоқпыз. Егер мұнай бағасы қатты құлдырайтын болса ғана мұндай жағдай орын алуы мүмкін. Егер мұнай бағасы барреліне 50 доллар көлемінде сақталса, теңге құнсызданбайды. Біздің топ төмендегідей болжам жасап отыр: биыл 1 доллар 317 теңге, келер жылы 327 теңге. Еркін айналым режимінде +/- 5%-ды көрсетуі қалыпты жағдай" – деді Е.Винокуров.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан 2015 жылдың 20 тамызынан бастап теңгені еркін айналымға жіберді.

4 қыркүйектегі ресми бағам - 337,04$1.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу