Жақын күндері жердің маңынан астреоид ұшып өтеді

170

Бұл астероидтар жер тұрғындарына ешқандай қауіп төндірмейді.

Жақын күндері жердің маңынан астреоид ұшып өтеді Фото: canva

Ғалымдар жақын күндері Жерге бес астероидтың жақындайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның төртеуі ұшақтың көлеміндей болса, тағы бір ғарыш тасы шамамен үйдің көлеміндей екені белгілі болды.

NASA мәліметінше, диаметрі 110 метр болатын 2026 BJ8 деп аталатын астероид ең алдымен жақындайды. Ол 12 ақпанда Жерден 2 370 000 шақырым қашықтықта жанай өтіп кетеді. Сол күні тағы үш астероид планетамыздың маңынан ұшып өтеді.

13 ақпанда 2026 CA1 атауын алған тағы бір ірі астероид Жерге 1 520 000 шақырымға дейін жақындайды.

Ал ең соңында, диаметрі 180 метр болатын 1999 AO10 астероиды 14 ақпанда 2 490 000 шақырым қашықтықта Жердің қасынан өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу